06 наурыз 2014 16:50

Қазақстанда Израиль елшілігі өз жұмысын тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Embassies.gov.il ©Embassies.gov.il

Израильдің Қазақстандағы елшілігі 5 наурыздан бастап жұмысын уақытша тоқтатты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Израиль Сыртқы істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап. Бұған министрлік қызметкерлерінің ереуілі себеп болған. Таратылған хабарламаға қарағанда, Израиль Сыртқы істер министрлігі жұмысшыларының кәсіподағы еңбек жағдайын жақсарту жолындағы күрес шеңберінде ереуіл санкциялары туралы жариялайды. "Израиль Сыртқы істер министрлігі жұмысшылары кәсіподағының нұсқауларына сәйкес, Сыртқы істер министрлігі мен Израильдің барлық елдердегі елшіліктері қызметкерлеріне бірдей қатысы бар ереуіл кезінде Израильдің Қазақстандағы елшілігі 2014 жылдың 5 наурызынан бастап қызметін тоқтатады", - делінген сайтта. Осы уақыт аралығында Израильге ресми сапарлар жасау, оның дайындығы, ұйымдастырылуы, сол сияқты Қазақстанға келуді жоспарлап отырған Израиль ресми делегацияларының сапары, консулдық қызмет көрсету, шығу визаларын, сондай-ақ Израильдің басқа құжаттарын рәсімдеу, адамдарды құтқару үшін медициналық жәрдем көрсетуден басқа жағдайда келушілерді қабылдау (Қазақстан, Израиль, басқа елдер азаматтарын), оқыту және дайындық курстарын өткізу, МАШАВ бағдарламасы бойынша курстар өткізу, мәдени шаралар өткізу және БАҚ-қа сұхбат ұсыну тоқтатылады. "Ереуіл санкцияларын тоқтату мерзімі белгісіз. Ереуілдің аяқталуы туралы ақпарат елшіліктің сайтында жарияланады", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети