11 қараша 2014 | 13:45

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©astana.kz ©astana.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын жариялады. Бұл туралы ол "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа тұрғын үй бағдарламасын жариялады. Бұл туралы ол "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалға алынатын тұрғын үй құрылысын қайта қарастыру керек. Бізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бар, ипотека да бізде бар, жалға алу да бар. Енді біз басқара қайта қарап көруіміз керек: мемлекет жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйлерді соғып, оны халыққа сатып алу құқығымен көп мерзімге жалға беруі керек. Қазіргі жүйе көп қаржыны, бастапқы жарнаны талап етеді, содан кейін төлеуі әділетсіз пайыздарды адамдар төлей алмайды", - деді ол. 

Оның айтуынша, қазіргі бағдарламалар ауқатты адамдарға арналған. "Ал жаңа бағдарламаны біз жас отбасыларға және шын мәнінде мұқтаждарға арнап жасап жатырмыз. Тұрғын үй еш делдалсыз және барынша төмен пайызбен тікелей жүйеде беріледі, қызмет көрсеткен үшін 1-2 пайыз жеткілікті болатын шығар. Сондықтан 2015-2016 жылдар бойында жалға берілетін тұрғын үйді 180 миллиард теңгеге қосымша қаржыландырамыз", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети