24 ақпан 2022 | 13:10

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бойынша қарыз сомасы аталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасы бойынша қарыздың шекті сомасы қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасы бойынша қарыздың шекті сомасы қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бағдарлама бойынша 10 миллион теңгеге дейін несие қарастырылған. Ал көлігіңіз қымбат болса, 10 миллионнан астам - 1-2 миллионды өз қалтаңыздан төлейсіз. Өте қымбат көліктерге жеңілдетілген автонесие қарастырылған жоқ", - деді Қарабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол әлеуметтік желілерде жеңілдетілген автокөлік несиелері тек белгілі бір үлгілерге ғана беріледі деген хабарламаларды көріп қалғанын айтты. Оның айтуынша, бұл жалған ақпарат.

"Көлік несиесі барлық модельдерге беріледі. Бірақ ең қымбат үлгілері де бар. Мысалы, Hyundai Palisade сияқты. Мұндай көліктерге жеңілдікпен несие берілмейді. Бай адамдар өздерінің 25 миллион теңгесіне сатып алсын", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети