12 мамыр 2016 14:38

Қазақстанда Жер реформасы бойынша комиссия құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Asks.ru © Asks.ru

Қазақстанда Жер реформасы бойынша комиссия құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, агробизнес өкілдері, ғалымдар мен азаматтық белсенділер атынан ұзынсаны 75 адам енді, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, жасақталған Комиссияның алғашқы отырысы Астанада 14 мамыр күні өтеді.

"Комиссияға барлық өңірлердің өкілдері қамтылған. Біз еліміз, оның бейбіт болашағы үшін алаңдайтын азаматтарды ынтымақтасуға шақырдық. Халықты барынша қамту үшін облыстық әкімдіктің жанынан құрылған қоғамдық кеңестер жұмысқа жұмылдырылды. Комиссия біздің азаматтарымызға барынша пікірталастар барысы туралы дұрыс ақпаратты БАҚ режимінде ашық түрде алуы үшін жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа арнайы Jerturaly.kz порталы іске қосылды. Порталда Комиссияның жұмысы туралы барлық ақпарат орналастырылады. Мұнда қолданушылар көкейтесті сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын қалдыра алады. Қосымша арнайы Колл-центр жұмыс жасайтын болады. Бірінші отырыс Астанада 14 мамыр күні өткізіледі. Сонымен қатар аумақтарға бару жоспарланған", - деді ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети