24 қараша 2015 13:09

Қазақстанда жол апатына жиі ұшырайтын көлік маркалары белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© avtopulsar.ru © avtopulsar.ru

Сақтандырушылар 2014 жылдың қаңтарынан бастап бүгінге дейінгі аралыққа сараптама жүргізіп, жол апаттарына жиі кінәлі болатын адамдардың жасы мен жол-көлік оқиғаларына жиі тап болатын көлік маркаларын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kompetenz АҚ ақпараттық-сараптамалық орталығына сілтеме жасап.


Сақтандырушылар 2014 жылдың қаңтарынан бастап бүгінге дейінгі аралыққа сараптама жүргізіп, жол апаттарына жиі кінәлі болатын адамдардың жасы мен жол-көлік оқиғаларына жиі тап болатын көлік маркаларын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kompetenz АҚ ақпараттық-сараптамалық орталығына сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жол апатына кінәлі адамдардың 24,6 пайызы шықанына 5-7 жыл болған автокөлікті тізгіндеген. 15 пайызы - 1993-1998 жылғы автокөліктер. 2014 жылдың қаңтарынан бері жол апатына Toyota маркасының Camry, Corrolla, Prado, Land Cruiser модельдерінің иелері жиі түскен. Жапондардың бұл брендінің үлесінде барлық оқиғаның 19,6 пайызы бар. Екінші орында "ВАЗ" маркасы тұр - 12,4 пайыз. Одан кейінгі орындарда Audi, Mazda, Mitsubishi. Ең соңғы орында - Mercedes. Неміс маркасының үлесінде жол апаттарының 8 пайызы бар.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижелеріне сенсек, жол апаттарының 59 пайызы ер адамдардың кінәсінен болады, ал 41 пайызы - әйелдердің, алайда елімізде жүргізуші әйелдерге қарағанда ер адамдар көп. Жол-көлік оқиғаларының 33 пайызында 24-33 жас аралығындағы ер адамдар кінәлі болады.

Сарапшылардың тұжырымдауынша, бұл жастағы адамдарда көлік жүргізу тәжірибесі аса көп болмайды және олар жол қозғалысы ережесін бұзып, өздеріне жолда "ұшып жүруге" ерік береді. Сонымен қатар, бұл топтағы адамдардың кінәсінен болған жол апаттарындағы шығынның көлемі орташа төлемнен асып түседі.

Жол апатына себепкер болатындардың екінші орнында 44-53 жас аралығындағы жүргізушілер тұр, олардың үлесі 21 пайызға тең. 16 пайызы - 24 жасқа дейінгілер, 11 пайызы - 34-43 жас аралығындағылар, 7 пайызы - 51-63 жастағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети