13 ақпан 2015 17:36

Қазақстанда жұмыссыз адамдардың саны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ves.lv ©ves.lv

Қазақстанда 460 мыңға жуық адам - жұмыссыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстанда 460 мыңға жуық адам - жұмыссыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша жұмыссыздардың саны - 459 мың 200-ге тең. Бірақ бұл көрсеткіш 2014 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда төмен, өткен жылы бұл кезеңдегі жұмыссыздардың саны 464 мың 800 адам болған.

"Республика экономикасында 2015 жылы қаңтарда 8,6 миллион адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 55,5 мың адамға немесе 0,6 пайызға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны - бұл кезеңде 6 миллион адам, бұл - жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 70 пайызына тең", - делінген хабарламада.

Мамандардың еңбек нарығындағы 2015 жылдың қаңтар айы бойынша берген мәліметтеріне қарағанда, жұмыспен қамту органдарына 47,3 мың адам ресми тіркелген. Айта кетейік, бұл тізімде "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасына қатысатындар жоқ. Бұл тіркелген жұмыссыздардың үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5 пайызына тең, 2014 жылғы қаңтарда да бұл көрсеткіш 0,5 пайыз болған. 

Сонымен қатар, 2014 жылғы IV тоқсанның деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың 71,7 пайызының нәтижелі, ал 28,3 пайызының нәтижесіз болғанын айта кетейік. Ал 2015 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жартылай жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі 0,3-ке тең болды.

Еске сала кетейік, 11 ақпан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті компания басшыларына жұмыс орындарын сақтауды тапсырған болатын. "Ең бастысы, әсіресе, ірі кәсіпорындар жұмысшы адам үшін жұмыс орнын сақтауы керек. Мен мұны бұрынғы жұмысшы ретінде айтып отырмын. (...) Мен барлық компания басшысына егер өндіріс мәжбүрлі түрде қысқартылатын болса, адамдар мәжбүрлі түрде қысқаратын болса, олар басқа жұмыста істеуі мүмкін екенін айтқым келеді. Бұл адам үшін, оның отбасы үшін айрықша маңызды", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети