02 қазан 2019 17:57

Қазақстанда жыл басынан бері бензин мен дизель отыны арзандаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұнай өнімдерін өндіру көлемінің ұлғаюы бөлшек сауда нарығына әсер етті, онда жылдың басынан бастап бензин бағасы төмендеген болатын. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мұнай өнімдерін өндіру көлемінің ұлғаюы бөлшек сауда нарығына әсер етті, онда жылдың басынан бастап бензин бағасы төмендеген болатын. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнай өнімдерін өндіру көлемінің ұлғаюы бөлшек сауда нарығына әсер етті, онда жылдың басынан бастап бензин бағасы төмендеген болатын. Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов айтып берді.

"Егер автобензиннің ең танымал маркасы АИ-92 бойынша айтар болсақ, жыл басынан бері оның бағасы 5 теңгеге арзандап, 148,5 теңгені құрады. Сонымен қатар, Ресей Федерациясымен салыстырып қарасақ, осы бензин түрі литріне теңгемен есептегенде 259 теңгедей тұрады", - деді Досмұхамбетов.

Сондай-ақ, дизель отынының бағасы да аздап төмендеді. Бүгінгі таңда бағасы литріне 193,25 теңге деңгейінде. Ресей Федерациясымен салыстыра қарасақ, дизель отыны 283 теңгеден асады.

Осы жылдың шілдесінен бастап өндірісті қолдау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерлерде сатылуы мүмкін автобензин экспорты ашылды. Экспорттық жеткізілімдер бүгінде басталған. 32,6 мың тоннаға жуық автобензин экспортталды.

"Экспорт өсіп келеді және көбейеді. Қазіргі таңда бізде бензиннің профициті бар. Бірнеше ай бұрын бізде тауарлардың шамадан тыс көп болуы мәселесі туындағанын білесіздер. Біздің зауыттар өндірісті қысқартуға мәжбүр болды, себебі резервуарлық парктерде орын қалмады. Сондықтан экспорт болады. Бірақ бұл нақты келісімдерге байланысты болады", - деді бірінші вице-министр.

Сонымен қатар, М. Досмұхамбетов бүгінгі таңда 481 мың тонна керосин өндірілгенін, бұл өткен жылғы көлемнің 212%-ын құрайтынын айтты. Бірінші вице-министр атап өткендей, отандық зауыттар авиакеросинге, дизель отыны мен бензинге деген қажеттілікті толығымен жабады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети