22 мамыр 2015 11:48

Қазақстанда қажылық сапарына кететін шығынның көлемі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанда қажылық сапарына кететін шығынның көлемі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының жанынан ашылған қажылар қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Хайрулла қажы Әбілдәбектің pavlodarnews.kz порталына берген сұхбаты барысында мәлім болды.


Қазақстанда қажылық сапарына кететін шығынның көлемі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының жанынан ашылған қажылар қауымдастығының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Хайрулла қажы Әбілдәбектің pavlodarnews.kz порталына берген сұхбаты барысында мәлім болды.

Порталдың мәліметінше, биыл қасиетті Ораза айынан соң Мекке қаласына қажылық сапарына барушыларды облыс имамдары мұқият дайындықтан өткізбекші. Хайрулла қажы Әбілдәбектің айтуынша, өкінішке қарай, жыл сайын қажылыққа ниет білдіріп отырған павлодарлықтардың қатары сиреп барады.

"Былтыр өңірімізден 50-ге жуық адам қажылық парызын өтеу үшін Меккеге барып келген болатын. Бұл көрсеткіш екі жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда төмен. Себебі өткен жылы әлемде болған экономикалық жағдайлар қажылыққа барам деушілердің қалталарына ауыр тиді", - дейді ол.

Сонымен қатар, өкілдік төрағасының мәліметінші, тұрғындардың көпшілігі қажылыққа бару жайында Интернет, газет беттерінен оқып алып, сондағы туристік агенттіктерге жүгінеді.

"Туристік агенттіктердің міндеті - сапарға шыққандарды апарып, алып келу ғана. Салдарынан көптеген адам Меккеге барғанда құлшылығын толықтай орындай алмайды, себебі туристік агенттіктерде діни білімді мамандар аз. Барушылар да тек қана барып келу керек деген оймен жолға шығады. Ал сапардың негізгі мақсаты - ғибадат қылу. Құны жағынан келетін болсақ, биылғы жылы мұсылмандардың бесінші парызын орындау шамамен төрт мың долларға түседі", - деді Әбілдәбек.

Айта кетейік, өңірдегі қажылар қауымдастығының филиалы Меккеге баруға ниет білдіргендерге Ораза айынан соң бір айлық оқу курстарын жүргізеді. Филиалдан бір адам болашақ қажыларды қадағалай отырып, Меккеге бірге аттанады.

Еске сала кетейік, биыл Рамазан айы 18 маусымда басталады, тура 29 күннен кейін мұсылман қауым қасиетті Рамазан айын қарсы алады. Биыл пітір садақа мөлшері 200 теңге көлемінде белгіленді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети