03 қараша 2015 15:53

Қазақстанда құлдықта болған қырғыз әйел басынан кешкендерін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © mamlas.livejournal.com Иллюстрация © mamlas.livejournal.com

Жеті жыл бойы құлдықпен өмір сүрген қырғыз әйел өзінің өмірі жайлы айтып берді. Бішкекте Tengrinews.kz тілшісі әйелдің басынан өткен сұмдық оқиғалары жайлы тыңдады.


Жеті жыл бойы құлдықпен өмір сүрген қырғыз әйел өзінің өмірі жайлы айтып берді. Бішкекте Tengrinews.kz тілшісі әйелдің басынан өткен сұмдық оқиғалары жайлы тыңдады.

Қырғызстанның Ош облысы Араван ауданының 33 жастағы тумасы Бақтыгүл Кошонова Алматы облысында жеті жыл бойы құлдықта болған. Ол басынан өткен қиындықтары туралы өз отаны Қырғызстандағылар құлдықта болған әйел бостандыққа шықаннан кейін неге тап болатынын білсін деген мақсатпен айтып беруге бел шешті.

"Отаныма оралғаныма бір айдан асты, сонда да әлі күнге сенбеймін", - деді Бақтыгүл Кошонова Tengrinews.kz тілшісіне. - Жеті жыл бұрын Қазақстандағы цехқа жұмысшы әйелдер алынады деген хабарландыруды Бішкек базарында естіп қалдым. Жақсы жалақы беріледі деді. Бізді, 17 адамнан тұратын топты Жолдош деген біреу жинады. Ол біздің төлқұжатты Қазақстанға жол тартқанда алып алды. Мені Алматы облысындағы фермерлік шаруашылыққа апарып тастады. Сол жерде қалдым. Жанымда бір жасар ұлым бар. Маған малды қарау міндеті жүктелді. Бізге тұратын бөлме берілген жоқ, шыдадым. Тырысып, бір ай жұмыс істеп, қожайынға жалақымды сұрап бардым. Ол маған күліп, күң ретінде мені сатып алғанын айтты", - деді ол.

Әйелдің айтуынша, қожайын оған тегін жұмыс істеуі керегін және баласы бола тұра жұмысқа алғаны үшін оған алғыс айтуға міндетті екенін айтқан. Бақтыгүл баласы екеуі макарон ғана жеген, жұқа көрпемен қорада ұйықтаған.

"Тіпті сарайдан бір бөлме бермеді. Кейін қашуға бел байладым. Нарынкөл ауылына дейін қашып бардым. Ол жер ауылдың дәулетті фермерінің шаруашылығы екен. Ол жерде де жолым болмады. Ол адамнан ауылдағылардың барлығы қорқады екен. Ол өте қатал адам еді. Бірде ақша сұраған едім, соққыға жықты. Мылтықтың дүмімен басымнан ұрды. Содан бері басым үнемі ауырады. Ол жердегі жұмысым екі есе ауыр болды - 200 бас малды бағып, шаруашылықтағы барлық қара жұмысты істеуіме тура келді. Осылайша жеті жыл жұмыс істедім. Қашайын деген ой болды. Бірақ қалай?! Ауыл тас жолдан 300 шақырым қашықтықта орналасқан. Кішкентай баламен қожайыннан алысқа қаша алмайтын едім", - деді ол.

Бірақ өмірде қайырымды жандар бар. Бірде отын жинап жүріп ол көршілес ауылдың адамымен кездесіп қалған. Екеуі бірден сөйлесе кетіпті. "Ол мұғалім болып жұмыс істейді екен. Мен ұлымды мектепке орналастырып беруін өтіндім. Ол көмектесті. Қазақстандағы ауыл мектебінің директоры да көмек қолын созды. Баламды анықтамасыз, ешбір құжатсыз бірінші сыныпқа қабылдады. Тіпті оқулықтарын да берді. Ұлым бірінші сыныпты аяқтады. Ол адамдарға өмір бойы алғыс айтып өтемін", - деді Кошонова.

Бақтыгүл Кошонованы құлдықтан құтқару жұмыстарымен Қырғызстанның Алматыдағы Бас консулдығы мен Қазақстанның құқық қорғау органдары айналысты. Оның құлдықта өмір сүріп жатқаны туралы Қырғызстанның димпломаттары кездейсоқ білді. Бақтыгүл Кошонова бір жолын тауып, Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне қоңырау шалды. Құтқарушылар елдің СІМ мен ІІМ-не хабарлап, олар іздестіру жұмыстарын қолға алды. Алайда отанына оралғаннан кейін де әйелдің проблемасы шешілмеді. Оның туыстарының барлығына жуығы жұмыс іздеп Ресейге кеткен болып шықты. Ішімдікке салынғаны үшін ол жолдасымен баяғыда ажырасып кеткен. Ауыр тағдырға тап болған Бақтыгүл Кошонова қазір әйелдерге арналған баспанаға орналасты. Ем алатын мүмкіндік пайда болды. Жеті жылдың ішінде Бақтыгүлдің бүйректеріне суық тиіп, басындағы жарақаты сыр бере бастаған. Сонымен қатар, әйел бір айдан бері төлқұжат пен ұлына туу туралы куәлік ала алмай жүр. Бала құжатсыз болғандықтан мектепке де бара алмайды.

"Ұлым мектепке қашан барамын деп күнде сұрайды. Мен үшін бұл сұраққа жауап беру өте қиын. Бізде ештеңе жоқ - үй де, ақша да, құжат та. Бұл баспанада тұруымызға рұқсат бергендері жақсы болды. Құжат берілгенде жұмыс істейтін едім", - деді Бақтыгүл Кошонова. 

Еске сала кетейік, құлдықта болған балалы қырғыз әйелдің Қазақстаннан қашқаны туралы жаңалық Интернетті дүр сілкіндірді. Ол құтқарушыларға сегіз жыл бұрын оны біреулердің құлдыққа сатып жібергенін және мал баққанын айтты. ТЖМ Қырғызстанның СІМ және ІІМ-мен байланысуға көмектесті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети