08 шілде 2015 18:14

Қазақстанда лицензиясы жоқ дилерлерге автомобиль әкелуге тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстанда автодилерлерді міндетті түрде лицензиялау енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестиция және даму министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда автодилерлерді міндетті түрде лицензиялау енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестиция және даму министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 шілдеде министрдің 2015 жылғы 24 сәуіріндегі "Еуразиялық экономикалық одағы елдерінің аумағынан жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет мақсатында емес әкелінетін көлік құралдарынан өзге әкелуге айрықша құқық берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрығы күшіне енді. Осы бұйрыққа сәйкес, енді Қазақстанда автодилерлер ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінен лицензия алуға міндетті. Нәтижесінде, автомобильдерді лицензиясыз импорттайтындарға тосқауыл қойылады.

"Бұл Бұйрықтың қабылдануы автомобиль техникасын импорттауды реттеу, импорттаушылар мен сатушылардың өздерінің әкелген автокөлік құралдарын сатудағы жауапкершілігін күшейту қажеттігінен туындаған. Қазақстан республикасындағы автомобиль рыногының жай-күйі қазіргі уақытта сервистік желілердің жеткіліксіз дамуымен сипатталады, автоорталықтар мен сервистік станциялардың ұйымдастырылуына инвестициялар тарту қажет. Лицензиялаудың мақсаты - авторынокты шектеу емес,  автомобиль құралдарын ниеттері таза емес жеткізушілерден тұтынушыларды сақтау үшін жағдай жасау, сондай-ақ ҚР-да автомобиль сату және сервисі саласында тек қана шығарушылардың ресми өкілдері ғана кепілдік бере алатын жоғары сапа стандарттарын қамтамасыз ету", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

"Жалпы жол" жол қауіпсіздігі ассоциациясының төрағасы Әрсен Шәкуов бұл шешімді қолдайтынын айтты. "Автомобиль - жүргізушіге ғана емес, сатушыға да жауапкершілік жүктейтін қауіп көзі. Егер көлікті бір адам айдап әкеліп, басқа біреу жүргізсе, айдап әкелген адамнан жауапкершілік алынады. Автомобильді біреу айдап әкетсе немесе көліктің техникалық жағдайы нашар болса, көлікті басқа елден әкелген адамды табу мүмін емес. (...) Сонымен қатар, автомобиль әкелгендерге салық төлету де қиын. Адамдар автокөлікті арнайы дилерлерден сатып алса, бәрі оңайырақ болады. Сонымен қатар, эксплуатациялау кезінде мәселелер туындамайды", - деді ол.

Сарапшы автомобильдерді арнайы дилерлерден сатып алу кезінде оның бағасының төмендейтінін айтты. "Егер мемлекет арнайы дилерлерге тұрақты жалақы төлеуге уәде берсе, онда олар бағаны түсіреді. Осылайша автомобильдердің бағасы орнығады", - деді Әрсен Шәкуов. Оның айтуынша, бұл тек жаңа автомобильдерге қатысты.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети