15 наурыз 2015 11:26

Қазақстанда мәртебелі меймандардың ас мәзірі туралы кітап жарық көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Медведев пен Нұрсұлтан Назарбаев киіз үйде. Фото: РИА Новости Дмитрий Медведев пен Нұрсұлтан Назарбаев киіз үйде. Фото: РИА Новости

Қазақстан Президентінің Іс басқармасы "Астананың жоғары асханасы" атты кітап-фотоальбомды басып шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кітапқа мемлекеттік хаттама мен жоғары деңгейдегі қабылдаулардың қызықты детальдері, кулинар шеберлер жұмысының фотосуреттері мен эксклюзив тағамдардың рецепті топтастырылған. 

"Бұл кітап оқырмандардың кең ортасын жоғары асхананың дамуымен отандық кулинария эволюциясы мәнмәтінінде таныстыруды көздейді. Әрбір адам ресми қабылдаулардың ар жағына үңіліп, әлемдік саяси элитаның ас мәзірімен таныса алады, экстра-класс аспаздары қалай қалыптасты және қазақша неоасхана деген не, соны біле алады", - делінген хабарламада.

Төменде осы кітаптағы бірнеше фотосурет келтірілген. 

Мемлекет басшысы Іс басқармасының баспасөз қызметі ведомствоның ресми шараларға қызмет ету деңгейін жетілдіру жөнінде тұрақты жұмыс жүргізіп келе жатқанын хабарлайды. "Ас әзірлеудің жаңа кәсіби стандарттары мен технологиялық әдістері және қонақтарға қызмет етудің жаңа стильдері енгізіліп жатыр. Қызмет көрсетуші персоналдар үшін әлемнің жетекші аспаздарының қатысуымен шеберлік дәрістері өткізіледі", - делінген хабарламада. 

"Өткен жылы бірнеше аспаз Батыс Еуропа, Таяу Шығыс елдерінде білім алды. Алынған білім мен дағдыны ескере отырып, 50-ден астам авторлық тағам түрі жасалды, олар ресми қабылдаулардың ас мәзіріне енді. Мысалға, 2014 жылдың өзінде 110-ға жуық ресми қабылдау өткізілген", - деп хабарлады ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметі. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети