30 желтоқсан 2019 | 14:11

Қазақстанда мас күйде көлік жүргізгендердің жазасы қатаңдатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мас күйде көлік жүргізген қазақстандықтарды 10 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыруы мүмкін. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мас күйде көлік жүргізген қазақстандықтарды 10 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыруы мүмкін. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өкінішке орай, жыл сайын, 30 мыңнан аса мас күйде көлік жүргізу деректері анықталып жатады. Мас күйде көлікке отырып, жол апатына себепкер болған жүргізушілердің әрекетінің салдарынан биылдың өзінде Қазақстанда 1000-нан аса адам жарақат алып, қаза тапты", - деді Ахметжанов ОКҚ брифингінде. 

Қазір, оның айтуынша, жүргізушінің сау кезінде жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік мас күйінде жасағанымен бірдей.

"Мас күйінде ЖҚЕ бұзғаны үшін жаңа бап енгіземіз. Бұл татуласу мүмкіндігі болмайтын, ауыр қылмыс түріне жатады. Егер бүгінде мас күйінде көлік жүргізу құқығынан екі жылға дейін айыру және 40 тәулікке дейін қамауға алуды көздесе, енді оларға бір жылға дейін бас бостандығынан айыру және 10 жылға дейін құқығынан айырылады. 

10 жылға бас бостандығынан айыру - бұл азаматтың ЖКО-дан қайтыс болуы кезінде осы бап бойынша ең жоғарғы жаза. Олар жеті жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады және өмір бойы құқығынан айырылуы мүмкін", - деп нақтылады Ахметжанов.

Оның айтуынша, егер азамат белгілі бір мерзімге құқықтарынан айырылса және оған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған болса, ол көлік жүргізу куәлігінен өмір бойы айырылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети