02 наурыз 2024 16:40

Қазақстанда машина жасау зауытын сату тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

/ mzk.kz / mzk.kz

Индустрия және құрылыс министрлігі Алматыдағы Киров атындағы машина жасау зауытын сату жөніндегі конкурс өткізілмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және құрылыс министрлігі Алматыдағы Киров атындағы машина жасау зауытын сату жөніндегі конкурс өткізілмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі С.М. Киров атындағы "Машина жасау зауыты" АҚ-ның 100 пайыз жай акцияларын сату бойынша жарияланған конкурстың күшін жою туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты, биылғы 28 ақпанда "Қазақстан инжиниринг" ҰК АҚ-на тапсырма жіберілді. Осылайша, сауда-саттық өткізілмейді", - делінген хабарламада.

Конкурстың өткізілмеуі "Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 9 қаулысы бойынша қабылданған шешімдерді жаңарту және нақтылау қажеттілігіне байланысты екені айтылды.

Айта кетейік, сауда 12 наурызда басталуы керек еді. Аукциондағы бастапқы баға 6,1 миллиард теңге болып белгіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети