12 маусым 2014 12:15

Қазақстанда он елдің инвесторлары үшін виза алудың қажеті жоқ - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kapital.kz ©kapital.kz

Президент Нұрсұлтан Назарбаев инвесторлар үшін визасыз режимнің енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Президент Нұрсұлтан Назарбаев инвесторлар үшін визасыз режимнің енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кәсіпкерлер арасындағы халықаралық қарым-қатынасты, сондай-ақ бизнес байланыстарды кеңейту үшін визалық кедергілерді барынша азайту қажет. Осыған орай, бүгін біз Қазақстанның экономикасына көптеп инвестиция салған 10 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режимді енгізуді жариялаймыз. Аталған тізімнің ішінде АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея және Жапония бар", - деп атап көрсетті Назарбаев.

Сондай-ақ Президент шетелдік инвесторларды Қазақстандағы жекешелендіру науқанына қатысуға шақырды. Оның айтуынша, алдағы уақытта, кем дегенде, 700 компания жеке меншікке беріледі. "Меніңше, білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамту және тағы басқа ұйымдарды да бірлесіп басқаруға болады. Осыған байланысты Үкіметке колледж бен жоғары оқу орындарын басқару жұмысына шетелдік инвесторларды тартуды тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети