07 сәуір 2015 | 18:13

Қазақстанда пойыз билеттері жеңілдікпен сатылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© diapazon.kz © diapazon.kz

Қазақстанда пойыз билеттері жеңілдікпен сатылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2015 жылдың 8 сәуірінен бастап №1/2 Астана-Алматы және №701/702 Алматы-Петропавл бағыттары бойынша 2015 жылдың 22 мамырынан бастап сапарға шығатын "Тұлпар-Тальго" пойыздарына тарифті басқарудың икемді бағдарламасы енгізіледі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда пойыз билеттері жеңілдікпен сатылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2015 жылдың 8 сәуірінен бастап №1/2 Астана-Алматы және №701/702 Алматы-Петропавл бағыттары бойынша 2015 жылдың 22 мамырынан бастап сапарға шығатын "Тұлпар-Тальго" пойыздарына тарифті басқарудың икемді бағдарламасы енгізіледі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бағдарлама билетті сатып алудың неғұрлым ұзақ мерзімі мен оған деген сұранысқа (пойыздың қаншалықты толуына) қарай өзгеріп отырады. Мысалы, билетті алдын ала сатып алған жолаушы билеттің базалық бағасынан 35 пайызға дейін жеңілдікке ие бола алады.

"Пойыздың жүру уақыты жақындаған сайын билет бағасының өсе түсетінін де айта кету керек. Сондай-ақ, тарифті басқарудың икемді бағдарламасы "Тұлпар-Тальгоның" мына пойыздарына да енгізілген: 19/20 Астана-Атырау, 35/36 Алматы-Шымкент, №49/50 "Алматы-Ақтөбе", №67/68 "Астана-Защита ("Өскемен"), №69/70 "Алматы-Защита ("Өскемен"), №77/78 "Алматы-Атырау", №79/80 "Астана-Шымкент", №87/88 "Актөбе-Астана", №89/90 "Астана-Кызылорда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл бағдарлама мүмкіндігі шектеулі адамдар мен оларды ертіп жүрген тұлғаларға жүрмейді, мұндай арнайы орындарға базалық тарифтің 50 пайызы көлемінде жеңілдіктер қарастырылған. Бұдан бөлек әрбір санаттағы жолаушыларға 10 пайыздан 20 пайызға дейін жеңілдіктері бар келесі дисконттық карталар қарастырылған:
"Құрмет" - 60 жас пен одан ересек адамдар үшін, жеңілдік көлемі - 10 пайыз;
"Жастар" - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін, жеңілдік көлемі - 10 пайыз;
"Саяхатшы" - жүрдек пойыздарда соңғы 12 айда төмендегідей бағаға сапар шеккен тұрақты жолаушылар үшін: 100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік көлемі - 10 пайыз; 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік құны - 15 пайыз, 200 001 теңгеден жоғары, жеңілдік көлемі - 20 пайыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети