08 сәуір 2015 11:35

Қазақстанда "Селфи күні" атап өтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Instagram.com/akordapress @Instagram.com/akordapress

17-18 сәуір күндері Қазақстанда "Селфи күні" атап өтіледі. Шараның басты кейіпкерлері отандық кино, спорт және өнер жұлдыздары болмақ, - деп хабарлайды "Жетінші арна".


17-18 сәуір күндері Қазақстанда "Селфи күні" атап өтіледі. Шараның басты кейіпкерлері отандық кино, спорт және өнер жұлдыздары болмақ, - деп хабарлайды "Жетінші арна".

Танымал жұлдыздармен бірге суретке түсу үшін билет сатып алуы керек. "Билет құны шамамен 2000 теңге көлемінде болады. Келушілерге тегін тағамдар мен алкогольсіз сусындар үлестіріледі", - дейді шараны ұйымдастырушы Гүлдана Темірхан.

Ұйымдастырушылар "Селфи күнінің" нақты бағдарламасы мен қатысушы жұлдыздардың тізімін нақты бекітпегенін айтты. Дегенмен, "МузАРТ" тобының әншілері, балет әртісі Досжан Табылды, әнші Ринат Малцагов пен тележүргізуші Айгүл Мүкейдің шараға келетіндерін айтты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналған қаражат "Милосердие" қайырымдылық қорына жіберіледі. "Селфи күнінде"  адамдар өздері қалаған жұлдыздармен кездесіп, суретке түсе алады. Селфи түсіру қазір сәнде. Дегенмен, келушілер билет сатып алу арқылы емделуге мұқтаж балаларға көмектессе керемет болар еді", - дейді қордың директоры Аружан Саин.

"Селфи күнін" дәстүрлі шара қылып қалдырыла ма, жоқ па, оны ұйымдастырушылар әлі шешкен жоқ. "Келесі жылы "өзін-өзі суретке түсіру" сәннен шығып қалуы да мүмкін ғой", - деді олар.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети