Қазақстанда таяу күндері қарлы боран болады - синоптиктер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда таяу күндері қарлы боран болады - синоптиктер © Николай Колесников

Қазақстанда таяу күндері қарлы боран болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда таяу күндері қарлы боран болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Мамандардың мәліметінше, Орал аймағында қалыптасқан атлантикалық циклон Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарында да сезіледі. Сондықтан да кей жерлерде 3 градусқа дейін күн жылынады. Бұл қалыпты нормадан 5-10 градусқа жоғары.

"24-26 желтоқсан аралығында циклон Батыс Сібір арқылы шығысқа қарай жылжиды. Оның алғашында жылы, кейін суық ауа әкелетін атмосфералық фронтынан қарлы боран болып, көру мүмкіндігі 200-500 метрге дейін нашарлайды, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетіп, көктайғақ болады", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети