03 қазан 2016 10:58

Қазақстанда теміржол тасымалдарының жаңа ережелері енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанда теміржол тасымалдарының жаңа ережелері енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанда теміржол тасымалдарының жаңа ережелері енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап жолаушыларды, багажды, жүк багажын тасымалдаудың жаңа қағидалары күшіне енді.

Жаңа ережелерге сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы, пойызға отырғызу кезінде кәмелеттік жасқа толмаған баланы пойызда алып жүру құқығын беретін баланың заңды өкілімен берілген нотариалды мақұлданған құжатты (сенімхат) көрсетеді.

Сонымен бірге, жолаушылар пойызына отырғызу кезінде баланың заңды өкілі бар болған жағдайда, кәмелеттік жасқа толмаған баланы пойызда алып жүру құқығын беретін баланың заңды өкілімен берілген нотариалды мақұлданған құжат (сенімхат) қажет етілмейді.

Сондай-ақ, жолаушыларға міндетті түрде көрсетілетін қызметтердің тізіміне купе ішінде ұялы телефондарды қуаттандыру кіреді.

"Теміржол көлігі жұмысшыларымен тасымалдау шарттары бұзылған жағдайда, жолаушының пойыз бригадалары жұмысына байланысты шұғыл шараларды қабылдау үшін шағым түсіруге немесе пікір білдіруге мүмкіндігі бар", - деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети