30 қыркүйек 2014 14:00

Қазақстанда туу көрсеткіші артып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанда туу деңгейі артып, өлім-жітім көрсеткіші төмендеп келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы акушерлік, гинекология және перинатология орталығының директоры Талғат Құдайбергеновке сілтеме жасап.


Қазақстанда туу деңгейі артып, өлім-жітім көрсеткіші төмендеп келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы акушерлік, гинекология және перинатология орталығының директоры Талғат Құдайбергеновке сілтеме жасап.

"Бір жылда туу саны 400 мыңға жақындап келеді - бұл бізді қуантады. Қазақстанда демографиялық ахуал оң бағытта. Туу деңгейінің артуымен бірге өлім-жітім азайып келеді. Соңғы 10 жылда туу көрсеткіші 25 пайызға артты", - деді Құдайбергенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Оның айтуынша, соңғы бес жылда1500 грамм салмаққа дейінгі шала туған сәбилердің құтайып кету көрсеткіші 30 пайызға артып, 60 пайыз болды. "Сәбилердің дүниеге келгеннен кейінгі жеті күн ішінде шетінеп кетуі 2,5 есе азайды. Бұл ең жақсы көрсеткіш, яғни біз нәрестелерді құтқара білеміз деген сөз. Бұл үшін біз көп күш салдық", - деді спикер.

Ол Қазақстанда ана өлімі көрсеткіші 3 есеге, сәбилер өлімі 1,6 есеге азайғанын айтты. "Егер 2009 жылы бір мың анаға 40 өлім көрсеткішінен келсе, бүгінде 2013 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 12,6 болды. Сәбилер өлімі 2008 жылы бір мың нәрестеге 20,4-тен келді, 2013 жылдың қорытындысы бойынша - 11,5. Бұл - үлкен жетістік", - деді Құдайбергенов.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети