29 қаңтар 2015 15:10

Қазақстанда Ұлы Отан соғысы майдангерлеріне арналған сайт ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Ұлы Отан соғысына арналған www.kaharman.kz сайты ашылады, бұл туралы Астанада Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу мәселелеріне арналған селекторлық кеңес барысында "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда Ұлы Отан соғысына арналған www.kaharman.kz сайты ашылады, бұл туралы Астанада Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу мәселелеріне арналған селекторлық кеңес барысында "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз мұрағаттың бірегей құжаттары, майдандағы қызықты хикаялар, батырлардың өз атынан жазылған твиттер, марапаттау қағаздары, соғыс оқиғалары туралы фотосуреттер мен бейнематериалдар жарияланатын ресурс ашуды ұйғардық" - деді Байбек. Сайтта "Соғыс дыбыстары" деген айдар болады, оған соғыс жылдарындағы әндер мен әуендер, радиохабарламалар топтастырылады. Сонымен бірге сайт қазақстандық майдангерлер, соғыстан оралмағандар мен тұтқында мәңгі қалғандар туралы мәліметтер базасымен толықтырылады. 

Айта кетейік, Ресейде мұндай 36 сайт бар. "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Қазақстандықтар - Кеңес Одағының батырлары" атты энциклопедияның қайта басылып шығатыны туралы да хабарлады. Энциклопедия Кеңес Одағының батыры, Даңқ ордені иегерлері мен Халық Қаһармандары туралы мейлінше толық мәліметтерді қамтитын болады. "Қазіргі уақытта әскерилер, тарихшы кеңесшілер, депутат корпусы мен мемлекеттік органдар өкілдерінен басылымның редакторлық кеңесін жасақтау жөнінде ұсыныстар қалыптасты", - деді партияның хатшысы Фархат Қуанғанов селекторлық кеңесте. 

Еске сала кетейік, 2014 жылы "Нұр Отан" партиясы әлеуметтік желілерде Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған ұрпақтар сабақтастығы туралы үздік әңгімелер мен құжаттардың және фотосуреттердің байқауын өткізген еді. Оның шеңберінде 600-ден астам құнды материал жинақталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети