25 ақпан 2015 14:11

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 5 мыңға жуық ардагері қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының бес мыңға жуық ардагері қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков айтты. 


Қазақстанда Ұлы Отан соғысының бес мыңға жуық ардагері қалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков айтты. 

2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы тойланады. Соған байланысты бүкіл Қазақстан бойынша іс-шаралар жоспарланып отыр. "Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу жөнінде Президенттің жарлығы мен Үкіметтің қаулысы бар. Ведомстволар мен министрліктер өз жоспарларын жасады. Ардагерлерді медициналық тексеруден өткізуден бастап, оларды материалдық жағынан қамтамасыз етуге дейінгі іс-шаралар қолға алынады. Астанада үлкен шеру өткізіледі, Ұлы Отан соғысына қатысушылар Мәскеудегі парадқа барады. Олардың саны нақтылана қойған жоқ, ол ардагерлердің денсаулығына байланысты болады", - деді Болсамбеков. 

Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен соғыс мүгедектеріне республикалық бюджеттен 100 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек қарастырылып отыр. Ардагерлерге арналған қосымша әлеуметтік төлемдер олар тұратын өңірлерге байланысты төленеді. Астанада соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне Жеңіс күнінде 150 мың теңгеден беріледі. Елордада бүгінде 230-ға жуық соғыс ардагері тұрады.  

Айта кетейік, Жеңістің 70 жылдығы бұрынғы Кеңес Одағының барлық аумағында кеңінен аталып өтеді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, соғыс жылдары Қазақстан 400 мыңға жуық адамынан айырылған. ҰОС жылдары қазақстандық 500 адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленді. Олар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский. Еске сала кетейік, 2014 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысының алты мыңға жуық ардагері тұратыны хабарланған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети