17 мамыр 2022 | 14:58

Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесі қашан қаралады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесін қашан қарастыру жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнет жасын төмендету мәселесін қашан қарастыру жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Адамды зейнетке шығарар алдында оның зейнетақы деңгейін есептеу керек. Кеңесу керек. Адам зейнетке ертерек шықса, зейнетақысы да аз болуы мүмкін. Сондықтан кеңесіп, талқылау керек. Жыл соңына дейін талқылаймыз", - деді Тоғжанов журналистердің сұрағына жауапта. 

Бұған дейін Қазақстанда зейнетке шығу жасын төмендету мәселесін талқылау жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда ерлер зейнетке - 63 жаста, әйелдер 60,5 жаста шығады. Әйелдердің зейнет жасы 2027 жылға дейін 63-ке көтеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети