18 тамыз 2014 13:25

Қазақстандағы жалақы көлемі жария етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов халықтың табысы туралы мәліметтерді жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов халықтың табысы туралы мәліметтерді жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2014 жылдың маусым айында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 124 мың 780 теңге болды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 13,5%-ға көп.

"Астанада, мысалы, ол - 182 мың теңге, Алматыда - 158 мың. Жоғары жалақы Маңғыстау (222 мың теңге), Атырау (221 мың теңге) облыстарында да қалыптасып отыр. Өндіруші салалар болғандықтан, орташа айлық жалақының жоғарылығы таңданарлық жайт емес", - деді Әлихан Смайылов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифингте.

Статистика комитеті басшысының айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында орташа айлық жалақы мөлшері - 85 мың теңге, Қостанай облысында - 92 мың теңге, Алматы облысында - 94 мың теңге, Жамбыл облысында - 85 мың теңге. "Ауыл шаруашылығы өндірісі басым өңірлерде, жалақы мөлшері ел бойынша орташа деңгейден айтарлықтай төмен", - деді Смайылов.

Ресми мәлімет бойынша, 2014 жылдың маусым айында Қазақстанда жұмыссыздардың саны 463,4 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға тең. Еңбекпен қамту органдарына жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны 2014 жылдың маусым айының соңында 59,2 мың адам немесе халықтың экономикалық белсенді бөлігіне қарағанда, 0,6% болды. Жасырын жұмыссыздық деңгейі халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 0,3%-ына тең.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети