27 қазан 2016 17:52

Қазақстандағы өлім жазасы жайлы не білеміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© treta.com.br © treta.com.br

Алматыда терроризм, қару-жарақты сақтау және қарақшылық жасау бойынша айыпталып отырған Руслан Күлекбаевтің ісі бойынша тараптарды қатар тыңдау өтті. Мемлекеттік айыптаушы 10 адамды атқан Күлекбаевті өлім жазасына кесуді сұрады. Өлім жазасына қатысты мораторий алып тасталмайтын болса да, сот оны өлім жазасына кесе алады. Бірақ оны орындау немесе орындамау басқа мәселе. Мораторийге қарамастан, қоғамда жазалаудың ең қатаң түрін қайта енгізу мәселесі талқыланып келеді.


Алматыда терроризм, қару-жарақты сақтау және қарақшылық жасау бойынша айыпталып отырған Руслан Күлекбаевтің ісі бойынша тараптарды қатар тыңдау өтті. Мемлекеттік айыптаушы 10 адамды атқан Күлекбаевті өлім жазасына кесуді сұрады. Өлім жазасына қатысты мораторий алып тасталмайтын болса да, сот оны өлім жазасына кесе алады. Бірақ оны орындау немесе орындамау басқа мәселе. Мораторийге қарамастан, қоғамда жазалаудың ең қатаң түрін қайта енгізу мәселесі талқыланып келеді.

Өлім жазасына қатысты мораторий Қазақстанда қашан енгізілді?

2003 жылдың желтоқсан айында Нұрсұлтан Назарбаев өлім жазасына қатысты мораторий жариялаған болатын. Қазақстанда өлім жазасына тыйым салынғанға дейін 536 өлім жазасы қолданылған екен. Сондай-ақ, 2014 жылы Қазақстанда өлім жазасынан толықтай бас тарту жайлы әңгімелер де болды. Сарапшылар сол кезде өлім жазасының криминогендік жағдайды тоқтатпайтынын айтқан еді. Сонымен қатар, олар өлім жазасына ұқсас жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қолдануға болатынын айтты. Осыдан екі жыл бұрын депутаттар ҚР қылмыстық заңнамасында өлім жазасын қолданбау туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірген еді. Алайда Бас прокуратурадағылар бұл ұсынысқа қарсылық білдірді. Олардың айтуынша, Қазақстанда өлім жазасын толықтай алып тастауға Конституция кедергі келтіреді. Айта кетейік, Ақтөбеде болған оқиғалардан соң терроризм үшін өлім жазасын қолдану туралы мораторийді алып тастау туралы айтылған болатын.

Бұл дегеніміз Қазақстанда қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге болады дегенді білдіре ме?

Мораторий судьяларға адамды өлім жазасына кесуге кедергі келтірмейді. Қылмыстық кодекс бойынша судья сотталушыны өлім жазасына кесе алады. Алайда әдетте өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген өлім жазасы құрамында 17 қылмыс бар, сондай-ақ аса ауыр қылмыс жасаған кезде қолданылады. Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айыратын жалғыз ғана "Қара бүркіт" деген түрме бар. Ол Қостанай облысында орналасқан. Онда қазіргі уақытта 100-ден аса адам жазасын өтеп жатыр. Сондай-ақ, Қазақстанда өлім жазасына қатысты мораторий енгізілген соң елімізде 5 адамның өлім жазасына кесілгені белгілі болды.

Өлім жазасына кесілген қылмыскерлер оларды кешіруді өтіне ала ма?

Өлім жазасына кесілгендер оларды кешіру үшін сотқа өтініш түсіре алады. Бірақ соттың шешіміне қатысты мораторий алып тасталған жағдайда, ол өтініш қалдыра алады. Егер де өлім жазасына кесілген адам кешірілетін болса, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылады немесе белгілі бір уақыт аралығында түрмедегі ерекше жағдай режимінде жазасын өтейтін болады. Сонымен қатар, сотталушы ҚР Президентіне де оны кешіруіне қатысты өтініш қалдыра алады. Айта кетейік, өлім жазасы әйелдерге, кәмелет жасына толмаған балаларға және жасы 63-тен асқан адамдарға қолданылмайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети