06 қаңтар 2015 17:08

Қазақстандағы орташа жалақы Ресей мен Беларуське қарағанда жоғары

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz мұрағатынан ©Tengrinews.kz мұрағатынан

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері еуропалық рейтингте 36-орында тұр. Рейтинг "Википедия" материалында "Еуропа елдерінің орташа айлық жалақы бойынша тізімі" деген атпен жарияланды.


Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері еуропалық рейтингте 36-орында тұр. Рейтинг "Википедия" материалында "Еуропа елдерінің орташа айлық жалақы бойынша тізімі" деген атпен жарияланды.

Айта кетейік, сайтта жарияланған кестеде орташа жалақылар "брутто" және "нетто" (салық төленгеннен кейінгі) түрінде көрсетілген. Топ-50 тізімін құрастырушылардың мәліметіне сәйкес, Қазақстанда салық сомасы төленгеннен кейін айлық орташа жалақы - 441 еуро немесе 96 629 теңге, ал "нетто" бағанында 118 844 теңге деп көрсетілген. Бірақ рейтинг авторлары қазақстандықтардың салықты төлегеннен кейінгі таза табысы неліктен өзге елдерге қарағанда жалпы сомадан көп болып тұрғанын түсіндірмейді. Бірақ мұның тізімнің сипаттамасында жазылған "аз дамыған елдерде халықтың таза табысы ресми көрсеткіштен көп болуы мүмкін, себебі айтарлықтай өзгешелігі көмескі экономиканың салдарынан" деген мәтініне байланысты болуы әбден мүмкін. Айта кетейік, авторлар рейтингті жасап жатқан кезде "нетто" жалақыларды есепке алды, бірақ Қазақстанда олар "брутто" жалақыны есептеген, нақтылап айтсақ 96 629 деген соманы қосқан.

Рейтингте орташа жалақысы 4 896 еуро болатын Лихтенштейн көш бастап тұр, одан кейін Монако (4 436), үштікті Швейцария (4 118) қорытындылайды. Тізімнің ең соңында Украина (178), Молдова (190) және Армения (232) елдері тұр. Айта кетейік, Қазақстан бұл тізімде Беларусь (419 еуро), Ресей (410) және Әзірбайжан (402) елдерінен алда. 

Еске сала кетейік, мұның алдында Қазақстандағы жалақы көлемі жария етілген еді. Қазақстандық ер адамдар әйелдерге қарағанда орташа 40 мың теңге артық жалақы алады екен. Бұл мәліметті ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Светлана Жақыпова айтты. Оның айтуынша, жинақтаушы зейнетақы қорының 5 миллион 900 мың қатысушысының 3 миллион 83 мыңы - ер адам, 2 миллион 858 мыңы - әйел. "Қазақстандағы орташа жалақы жөнінде әлі жұмыс істеуіміз керек, жұмыс алаңы бар. Егер Қазақстанда ер адамдардың орташа жалақы көлемі 117 мың теңге болса, әйелдер алатын жалақы мөлшері 80 мыңнан сәл асады. Біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз", - деді министрдің орынбасары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети