Қазақстандықтар 6, 7 және 8 наурызда демалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар 6, 7 және 8 наурызда демалады

ҚР Үкіметі демалысты 2016 жылдың 5 наурызынан 7 наурызға ауыстыру туралы қаулыны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Үкіметі демалысты 2016 жылдың 5 наурызынан 7 наурызға ауыстыру туралы қаулыны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

2016 жылдың наурызында еңбек етіп жатқандардың демалысына қолайлы жағдай жасау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметі демалыс күнін 2016 жылдың сенбісі 5 наурызынан 2016 жылдың 7 наурызына, дүйсенбі күніне ауыстыру туралы қаулы қабылдады. Сонымен қатар, қазақстандықтар 8 наурызда - Әйелдердің халықаралық күнінде демалады.  

"Еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға қажетті өнімді шығаруға, қызметті ұсынуға, қаржы қызметтерін ұсынуға, сонымне қатар құрылыс нысандарын іске келтіруге 2016 жылдың 7 наурызында жұмысты ұйымдастыруға кәсіподақ ұйымдарымен келісу бойынша құқық беріледі. Бұл күнгі жұмыстың өтемі Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасына сәйкес жасалады", - делінген хабарламада. Мерекелер күнтізбесіне сәйкес, қазақстандықтар 2016 жылы 121 күн демалады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети