06 қазан 2014 15:09

Қазақстандықтар әлемнің үздік курорттарында демалады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото interesno.org сайтынан алынды Фото interesno.org сайтынан алынды

Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, әлемнің үздік курорттарынан қазақстандықтарды кездестіруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, әлемнің үздік курорттарынан қазақстандықтарды кездестіруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазір көшеге шықсаңыз, мүлдем басқа Қазақстанды көресіз, мүлдем басқа ұрпақ өсіп келеді, халықтың әл-ауқаты әлдеқайда жақсарған. Әлемнің үздік шипажайларында кімдер демалады? Ол жерлердің барлығында қазақстандықтар бар. Қазір дүниежүзінде кімдер оқып жатыр, "Болашақпен" ғана емес, балаларды жеке тәртіпте оқытуға мүмкіндік бар ма? Олар 10 мыңнан да көп десек, артық емес. Сіздерге айтайын, бұған жету оңай болған жоқ", - деді Қазақстан Президенті "Самұрық-Қазына" АҚ трансформациясының тұсаукесеріне арналған форумдағы қорытынды сөзінде. 

Ол мұндай нәтижеге жету - халықтың әл-ауқатын 16 есеге арттыру үшін оңтүстік-шығыс дағдарысын, кейін әлемдік қаржы дағдарысын еңсеру керек болғанын айтты.

Бүгін алдымызда аса ірі міндет тұр - "Самұрық-Қазына" қоры компаниясын трансформациялау. Елдің байлығы осы компанияда шоғырланған, - деді Назарбаев. 

"Бұл біздің халқымыздың қазіргі және болашақтағы әл-ауқатының қайнар бұлағы, трансформацияны біз қалай орындасақ, елдің дамуы соған байланысты өрбиді", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети