Қазақстандықтар Ресейден 3 миллиард долларға көлік сатып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Ресейден 3 миллиард долларға көлік сатып алған © zastavki.com

Қазақстандықтар Ресейден 3 миллиард долларға көлік сатып алған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында "ҚазАвтоӨнеркәсіп" ЗТБ төрағасы Дәулет Бақберген айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Ресейден 3 миллиард долларға көлік сатып алған. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында "ҚазАвтоӨнеркәсіп" ЗТБ төрағасы Дәулет Бақберген айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Осы жылдың автомобильдер импортының мәселесін алсақ, ол сала аясынан шығып кетті. Елестетіп көріңіздерші, халық 3 миллиард долларға автомобиль сатып алып, алып келді", - деп хабарлады Бақберген. 

Рубль бағамының өзгеріске түскенінен кейін көрші елдегі көліктердің құны Қазақстан азаматтары үшін қызықты болып көрінген. Биылғы маусымда қазақстандықтар Ресейде 150 миллиард рубль жаратыпты. 

Ал 2016 жылдың қаңтарынан бастап көрші елдерден көлік сатып алу бірінші тіркеуге алынатын салықтың енгізілуіне байланысты азаятын көрінеді. 

"Қазақстанға бірінші рет алып келіп, тіркеуге қойғанда салық төленеді. Яғни егер сіз көлік сатып жатсаңыз, бұл сізге қатысты болмайды. (...) МАИ мәліметінше, 2013-2014 жылдары шыққанына үш жылдан асқан көліктердің оннан бірі ғана тіркеліпті. Қатысты болса да сол оннан біріне ғана болады",  - деді Бақберген. 

Ол кейбір елдердегі тәжірибені келтірді. "Кейбір елдерде алымдар бірінші тіркеуде автомобильдің 5-10 пайызынан аспайды. Кейбір елдерде ол қорғаныс шарасы ретінде қолданылады. Айталық, Малайзияда алымдар 30 пайыз, оның үстіне 105 пайыз салық алынады", - деді "ҚазАвтоӨнеркәсіп" ЗТБ төрағасы.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети