18 сәуір 2017 15:41

Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІМ ТЖК © ҚР ІІМ ТЖК

Алматы мен Астана қалаларындағы еріктілер су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы мен Астана қалаларындағы еріктілер су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек жинап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы еріктілер Ақтөбе облысында болған су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жатыр. Бірінші рейс бүгін 18 сәуірде кешкі сағат 8-де кетеді. Гуманитарлық көмек сағат 17.00-ге дейін Шагабутдинов көшесі, 125 А, 42-кеңседе қабылданады. Телефон нөмірі:  +7 705 112 33 39.

"Біз консервілерді, жеке гигиена заттарын, жаялықтар, жаңа жылы киімдер мен азық-түлік қабылдаймыз. Қандай да бір медициналық дәрі-дәрмектерді олардың сертификаттарының көшірмесі арқылы ғана қабылдаймыз. Әзірше көп зат әкелінген жоқ. Астана мен Алматы мегаполистар ғой. Біз қазір көмек көрсетуіміз керек. Әзірше көмек көрсетемін деушілер аз. Достарымыз, туыстарымыз, таныстарымыз арқылы жергілікті тұрғындарға қандай көмек керек екенін біліп, жиналған заттарды сонда жіберіп жатырмыз", - деді ерікті Адиль Смит.

"Гуманитарлық көмекті аптаның соңына дейін қабылдаймыз. Адамдардың көмектесуіне қарай. Қазір ақтөбеліктер көмек сұрап жатыр. Сондықтан бастапқыда соларға көмек көрсетуді шештік. Басқа өңірлердің тұрғындарынан хабар жоқ. Ақтөбе тұрғындары жаялықтар керек деп жатыр. Онда балалар көп екен. Қазір ғана тек балаларға емес, сондай-ақ, ересектерге ішкиім, халатттар, трико мен тәпішкелердің керек болып жатқаны жайлы хабарлама келді", - деді ерікті Лейла Қасыманова.


© Ерікті Лейла Қасыманова.

Сондай-ақ, Астанада Instagram желісіндегі "Клуб добряков" тобындағылар қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған акция жариялады.

Айта кетейік, 20 сәуірде Атбасар тұрғындарына гуманитарлық көмекпен бірнеше көлік барады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети