08 ақпан 2023 15:39

Қазақстандықтар Түркия елшілігі мен бас консулдығына гүл шоқтарын әкеліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс Фото: Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс

Қазақстандықтар Түркия Республикасының елшілігі мен бас консулдығына гүл шоқтарын әкеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар Түркия Республикасының елшілігі мен бас консулдығына гүл шоқтарын әкеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы дипломатиялық өкілдікке таңертең жүзге жуық адам барған. Көңіл айту кітабына қолдау білдіріп, тілектерін жазып жатыр.

Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс

Түрік дипломаттары Қазақстан халқына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, олар зілзаладан зардап шеккен халыққа көмек көрсетуге ниет білдіргендер үшін арнайы есепшот ашылғанын айтты.

Ақпаратты Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы берді

Астанадағы елшілікке де тұрғындар гүл шоқтарын әкеліп жатыр.

Tengrinews.kz

10 ақпанға дейін Түркияның Бас консулдығындағы көңіл айту кітабына жазба қалдыра аласыз: Алматы қаласы Төле би көшесі, 29а мекенжайы.

Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Ең жойқын жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттар салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети