15 желтоқсан 2022 14:48

Қазақстандықтар "Яндекс.Такси" қызметінде ақау шыққанын мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Қазақстандықтар "Яндекс.Такси" қызметінде ақау туындағанын хабарлады. Шағымдар Астана мен Алматыда тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар "Яндекс.Такси" қызметінде ақау туындағанын хабарлады. Шағымдар Астана мен Алматыда тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Яндекс.Такси" мобильді қосымшасының кейбір пайдаланушылары көлікке тапсырыс беру кезінде "белгісіз қате" ескертпесі шыққан.

Компания қосымшада ақау шыққанын растады.

"Техникалық себептерге байланысты кейбір қолданушылар көлікке тапсырыс берерде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Қазір сервис штаттық режимде жұмыс істейді. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және мұндай жағдай қайталанбауы үшін бәрін жасаймыз", - делінген компания хабарламасында.

Еске салайық, 14 желтоқсанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов Қазақстанда "Яндекс.Такси" агрегаторының тарифтерін белгілеу бойынша тексеру жүріп жатқанын айтқан болатын.

Ахметовтің айтуынша, сервис 17-20 пайыз көлемінде комиссия алады және жоғары баға қояды. Бұл жағдай жаңбыр, қар жауғанда немесе мереке күндері байқалады. Егер реттеуші жоғары баға қойылғанын анықтаса, онда комиссия төмендетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети