27 шілде 2017 20:29

Қазақстандықтарды Мысырда ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ұстаған - ҚР СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарды Мысырда ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.


Қазақстандықтарды Мысырда ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

"Бүгін Қазақстан елшісі Мысырдың сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті. Кездесу барысында Мысыр өкілдері қазақстандық студенттерді ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ұстағанын хабарлады. Олар бізге балалардың аман-есен және қауіпсіз жерде екенін айтып, жақын арада толығырақ мәлімет беруге уәде берді", - деді  Әнуар Жайнақов.

"Жаңа ғана Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов ұсталған студенттердің туыстарымен кездесіп, оларға барлық жағдайды түсіндіріп берді", - деп айтып өтті ҚР СІМ өкілі.

Еске салайық, 24 шілдеде қазақстандық алты студенттің Мысырда жоғалып кеткені хабарланған болатын. Кейін студенттерді Мысырдың құқық қорғау органдары ұстап әкеткені белгілі болды. Олар сол ел аумағында және өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети