08 тамыз 2017 14:23

Қазақстандықтарды солтүстік өңірлерге көшіру үшін қанша қаражат жұмсалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет 2018-2020 жылдар аралығында 59 мың отбасыға оңтүстіктен солтүстік өңірлерге көшуге көмек береді. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет 2018-2020 жылдар аралығында 59 мың отбасыға оңтүстіктен солтүстік өңірлерге көшуге көмек береді. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрымбетовтың айтуынша, 2017 жылы еңбек мобильділігі бағдарламасын жүзеге асыруға 710 миллион теңге бөлінді.

"Бұл қаражат тек 288 отбасының көшуіне көмектесе алады. Одан бөлек біздің елде отбасыларға ішкі көші-қон жағдайында солтүстіктегі төрт өңірге көшуге квота беріледі. Ол сомаға материалдық көмек пен көшуге арналған субсидиялар бар. Бұл дегеніміз отбасының әрбір мүшесіне 35 мың айлық есептік көрсеткіштен немесе 79,4 мың теңгеден келеді. Екіншісі - ол субсидиялар. Яғни, көшіп келген отбасыға бір жыл уақыт бойы жалдамалы тұрғын үйіне қажетті шығындар өтеледі", - деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, солтүстікке көшетін халық саны азайған жағдайда 2020 жылы солтүстіктегі төрт өңірдегі халық саны 167 мың адамға азаяды.

Еске сала кетейік, осыған дейін солтүстік өңірлердің тұрғындарының саны 2050 жылға қарай 5 миллион адамға көбейетіні жайлы айтылған болатын. "Бірінші жартыжылдықта 672 адам - 320 отбасы басқа өңірлерде жұмыспен қамтылау мақсатында мекен-жайларын ауыстырған. Олардың 424-і еңбекке жарамды отбасылардың мүшесі. Сондай-ақ, олардың 75 пайызы немесе 320-ы жұмыспен қамтамасыз етілген. Жаңа мекен-жайлары бойынша оларға жалдамалы тұрғын үй беріліп, көші-қон шығыны өтеледі", - деген еді осыған дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Нұрымбетов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети