20 наурыз 2016 13:28

Қазақстандықтардың сайлауда сыйлық беру идеясы шетелдіктерді таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Сайлауда сыйлық табыс ету туралы қазақстандық идея италиялық бақылаушыларды таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сайлауда сыйлық табыс ету туралы қазақстандық идея италиялық бақылаушыларды таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Италиядан сенатор, Франко Паниццаның басшылығымен келген бақылаушылар тобы "таңертең ерте дауыс беруге келген жас сайлаушылардың кішігірім сыйлықтарға ие болғаны" оларды таңғалдырғанын айтты.

Шетелдіктер бұл идеяның жастарды дауыс беріп, елдің тағдырына белсенді араласу үшін баулуға жақсы ойластырылғанын айтты.


Сыйлық алған сайлаушы.

Журналистер ол сыйлықтардың туған күн иелеріне табысталатынын анықтады.

"Италияда сайлауға қатысушылардың өте көп болғанына біз үйреніп қалғанбыз. Қазіргі таңда біз олардың қатарының күрт сирегенін байқап жүрміз. Яғни, мұндай сәттерді көріп (ҚР сайлауында сыйлық табыс ету - Авт.), біз оны бағаладық, себебі өкінішке қарай, біздегі жағдай солай, сайлаушылар азайып барады", - деді Франко Паницца.

Сонымен қатар, ол Астанадағы сайлау учаскелерінде сайлаушылардың белсенділігін байқағанын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети