30 шілде 2014 13:27

Қазақстандықтарға қажылықтан бас тартуға кеңес берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Etoday.ru ©Etoday.ru

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға қажылыққа барудан тартынуға кеңес береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға қажылыққа барудан тартынуға кеңес береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз қажылыққа қарсы болып отырған жоқпыз, бірақ халықты одан мүмкіндігінше тартына тұру немесе сапарды жылдың басқа мезгіліне ауыстыру жөнінде хабардар етуге тиіспіз. Әрине, Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымы қазіргі ахуалды толық карантин деп қарастырып отырған жоқ, бірақ ол жақта эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр", - деді Бекшин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Қажылықтан бас тарта тұруға арналған кеңес коронавирус таяушығыс респираторлық синдромының таралу қаупіне байланысты беріліп отыр. "Қазіргі кезде 700-ге жуық дерек тіркелді, оның 300-і өліммен аяқталды. Ауру Сауд Арабиясында көп тіркеліп отыр - 400-ден астам жағдай, оның 115-і кісі өліміне соқтырған. Жұқпалы ауру Кувейт пен Катарда да тіркеліп отыр, сонымен бірге, оның Ұлыбритания, Франция және Америка құрлығына таралу деректері тіркелді", - деді Бекшин.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети