29 маусым 2016 08:42

Қазақстаннан Ыстамбұлға ұшатын барлық рейс тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© haqqin.az © haqqin.az

Қазақстаннан Ыстамбұлға ұшатын барлық рейс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстаннан Ыстамбұлға ұшатын барлық рейс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әуежайының анықтама бюросындағылар Ыстамбұлға ұшатын барлық рейстің тоқтатылғанын растады. Ал Алматы әуежайындағылар Turkish Airlines әуе компаниясынан сұрауды ұсынды. Алайда компанияның өкілдері телефонға жауап бермей жатыр. 

Айта кетейік, 28 маусымда Ыстамбұл Ататүрік халықаралық әуежайында үш жарылыс болды, зардап шеккендердің көп екендігі хабарланып отыр. CNN Turk телеарнасының хабарына қарағанда, әуежайда атыстар естіліп жатыр. Агенттік куәгерлерге сілтеме жасай отырып, атыстың әуежайдың автотұрағынан басталғанын жазып отыр. Оқиғаның мән-жайы әзірше хабарланбады.

Агенттіктің мәліметінше, такси қызметкерлері жарылыстан зардап шеккендерді Ыстамбұлдың ауруханасына жеткізіп жатыр. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети