14 қазан 2015 16:50

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Балғымбаев. © np.kz Нұрлан Балғымбаев. © np.kz

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Нұрлан Балғымбаев өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Балғымбаевтың 68 жасында Атырауда қайтыс болғаны анықталды. Алайда оның неден қаза тапқаны әзірше белгісіз.

Нұрлан Балғымбаев 1997-1999 жылдары Қазақстанның премьер-министрі болды. Сонымен қатар, Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібі министрі қызметін атқарды. Премьер-министрлік қызметінен кейін ол "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы мен "Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы" АҚ-ты басқарды.

2007 жылы желтоқсанда Нұрлан Балғымбаев ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалып, бұл қызметті 2009 жылға дейін атқарды. Осыдан кейін италиялық Eni мұнай-газ компаниясымен жобаларды жүзеге асыру бойынша ұйымның Бас директоры болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети