06 желтоқсан 2015 17:02

Қазақстанның екі облысында дауылға байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© krd.ru © krd.ru

Батыс Қазақстан облысында дауылға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысында дауылға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мәліметі бойынша, 7-8 желтоқсан күндері Батыс Қазақстан облысында батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Оралда 7-8 желтоқсан күндері батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Қазгидромет" кәсіпорны Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Күндіз 7 желтоқсанда, 8 желтоқсанда тәулік бойы, 9 желтоқсанда түнде Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 метр болады.

"Астанада күндіз 7 желтоқсанда, 8 желтоқсанда тәулік бойы, 9 желтоқсанда түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді", - деп ескертті синоптиктер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети