08 қаңтар 2016 10:26

Қазақстанның екі облысында тас жолдардағы көлік қозғалысына шектеу енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© khabar.kz © khabar.kz

Қазақстанның екі облысындағы республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Қазақстанның екі облысындағы республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасы 27-33 градусқа дейін төмендеді) облыс бойынша қозғалысқа шектеу енгізілді, шектеу барлық бағытқа, сонымен қатар, дизельді және қоғамдық автокөліктер үшін қойылған, алайда олардың қатарында мына жолдар жоқ: Астана-Ерейментау-Шідерті, 16-205 шақырымдар, Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін, Екатеринбург-Алматы, 1275-1353 шақырымдар, Астанадан Қарағанды облысының шекарасына дейін. Бұл бағыттар бойынша, қозғалысқа 8 қаңтар күні сағат 07.00-ден бастап рұқсат берілді.

Қарағанды облысында қолайсыз ауа райы мен көктайғаққа байланысты жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің қозғалысына Екатеринбург-Алматы, 1858-2005 шақырымдар, Балқаштан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі автожолда шектеу енгізілді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети