27 желтоқсан 2015 14:38

Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның жеті облысында көктайғақ болып, боран соғады. Осыған байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның жеті облысында көктайғақ болып, боран соғады. Осыған байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жолдың кейбір бөліктері жабылады.

Шығыс Қазақстан облысы: "Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасына дейін" (108-123 шақырым, Шемонаиха - РФ шекарасы) а/ж; "Қарағанды - Аягөз - Бұғаз" (320-704 шақырым, Қарағанды облысы, Аягөз) а/ж; "Қарағанды - Аягөз - Бұғаз" (700-900 шақырым, Аягөз-Ақсуат ауылы) а/ж; "Алматы - Өскемен" (977-1068 шақырым, Қалбатау - Қ. Қайсенов) а/ж; "Алматы - Өскемен" (683-768 шақырым,  Аягөз - Таскескен) а/ж; "Омбы -Майқапшағай" (942-1103 шақырым, Кентарлау - Бұғаз) а/ж; "Өскемен - Риддер - РФ шекарасына дейін" (25-105 шақырым, Михайловка - Риддер) тас жолдарында автокөліктің барлық түрі үшін;

"Өскемен - Шемонаиха  - РФ шекарасына дейін" (54-102 шақырым, Первомайка - Шемонайха) а/ж; "Өскемен -Семей" (10-198 шақырым, Герасимовка - Семей) тас жолында жүк көліктері үшін;

"Өскемен - Зыряновск - Рахмановские ключи" (6-66 шақырым, Ұшанова - Серебрянск) а/ж; "Өскемен - Зыряновск - Рахмановские ключи" (100-167 шақырым, Октябрьский - Зыряновск) тас жолында қоғамдық көліктер үшін.

Жамбыл облысы: ауа райы қолайсыздығына байланысты (боран) "Алматы - Ташкент - Термез" (593-611 шақырым, Жамбыл облысы - Ақбиік) автомобиль жолында транспорттың барлық түрі үшін көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысы: 26.12 сағат 13:40-тан бастап ауа райы қолайсыздығына байланысты "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" (130-258 шақырым, Мұхаджар - Шалқар) тас жолында транспорттың барлық түрі үшін көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы: 27.12 ауа райы қолайсыздығына байланысты "Алматы - Ташкент - Термез" (536-593 шақырым, Айша бибі - Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін) транспорттың барлық түрі үшін көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Қарағанды облысы: 26.12 сағат 18.30-дан бастап ауа райы қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) "Алматы - Екатеринбург" (641-1007 шақырым) тас жолында жүк және қоғамдық көліктер үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

27.12. сағат 10.40-тан бастап ауа райы қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) жүк және қоғамдық көліктер үшін Теміртау - Ақмола облысы шекарасына дейін (1051-1142 шақырым, "Алматы - Екатеринбург" автомобиль жолы) көлік қозғалысына шектеу қойылды.

27.12. сағат 10.40-тан бастап ауа райы қолайсыздығына байланысты (боран, көктайғақ) автомобильдің барлық түрі үшін Қарағанды - Павлодар облысының шекарасына дейін көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Павлодар облысы: 27.12 сағат 11.05-тен бастап ауа райы қолайсыздығына байланысты (боран, көктайғақ) "Қызылорда - Павлодар" тас жолында транспорттың барлық түрі үшін көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысы: 27.12 сағат 11.30-дан бастап ауа райы қолайсыздығына байланысты "Екатеринбург - Алматы" (1275-1353 шақырым, Астана-Қарағанды облысының шекарасы) қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети