09 шілде 2014 19:07

Қазақстанның кейбір аймақтарында дауыл болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото temakazan.ru сайтынан алынды Фото temakazan.ru сайтынан алынды

"Қазгидромет" орталығы Қазақстанның кейбір аймақтарында дауыл болатынын ескертуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz еліміздің гидрометеоорталығына сілтеме жасап. 


"Қазгидромет" орталығы Қазақстанның кейбір аймақтарында дауыл болатынын ескертуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz еліміздің гидрометеоорталығына сілтеме жасап. 

"11-12 шілдеде Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 12-13 шілдеде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, 12-14 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын жауып, бұршақ болуы мүмкін, солтүстіктен келетін желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы 10-15, кейбір жерлерде 7, ал күндіз 15-20 кейбір аймақтарда 12 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

"Қазгидромет" орталығы ресми сайтының ақпараты бойынша, ауа райының суытуы және жауын шашынның күшеюі Кар теңізі аймағынан келген ылғалды және суық ауаның салдарынан дейді.   

Ал республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында алдағы екі күнде ауа райы ыстық болып қала береді. Бұл аймақтарда күндіз ауа температурасы 33-38, кейбір өңірлерде 40-42 градус ыстық болады. Тек 12 шілде күні бұл аймақтарда аздаған жаңбыр жауып, аптап ыстық басылады. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети