16 сәуір 2014 14:04

Қазақстанның мемлекеттік сатып алулары Ресей мен Беларусь кәсіпкерлері үшін әзірше жабық

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews.kz © tengrinews.kz

Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар жүйесі электронды нұсқада жұмыс істеп жатыр. Алайда Ресей мен Беларусь оған әлі дайын емес. Сондықтан Кеден одағы аясында мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай жүйесі әлі ашылмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұловқа сілтеме жасап. 


Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар жүйесі электронды нұсқада жұмыс істеп жатыр. Алайда Ресей мен Беларусь оған әлі дайын емес. Сондықтан Кеден одағы аясында мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай жүйесі әлі ашылмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұловқа сілтеме жасап. 

Айта кеткен жөн, бүгінде Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасы Кеден одағы аясындағы маңызды бір мәселені көтеріп отыр. Ұйым төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаевтың айтуынша, қазір мемлекеттік сатып алулардың электронды жүйесін дамыту жағынан Қазақстан алға кетіп қалған. Ресей мен Беларусь болса, ондай жүйені енді ғана қолға алып жатыр. Соның салдарынан қазақстандық кәсіпкерлерге қойылатын талап жоғары болып тұр. Бұл жерде теңсіздік мәселесі туындайды. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бүгінгі брифингте вице-министр Берік Шолпанқұлов үш елдің келісімі бойынша барлық кәсіпкерлер сатып алуларға тең дәрежеде қатысуы тиіс екенін атап өтті. "Ал электронды нұсқада тек конкурстар мен аукциондар ғана өткізіледі. Себебі мемлекеттік сатып алулар саласындағы ондай шаралар кезінде бәсеке барынша байқалады. Қазір бізде оның барлығы бар. Ресейде тек аукцион ғана электронды нұсқаға көшірілсе, Беларусьте электронды конкурс пен аукционның екеуі де дайын. Келісімге сәйкес, отандық бизнесмендер ол жақтағы барлық мемлекеттік сатып алуларды көріп, қатысуы тиіс. Олардың кәсіпкерлері де солай жұмыс істеуі шарт", - дейді Шолпанқұлов.

Алайда үш елдің электронды жүйесін бір-біріне қосып, мемлекеттік сатып алуларға қатысу жұмысы ағымдағы жылы қаңтардың 1-інде басталады деген жоспар болған. Қазір Ресейдің электронды аукционы жұмыс істеп тұрса да, конкурстың электронды нұсқасы дайын емес. Сондықтан ресейлік кәсіпкерлер Қазақстанның сатып алуларына қатыса алмайды. "Олар әлі дайын емес. Қазақстандық кәсіпкерлер де олардың мемлекеттік сатып алуларына қатыса алмай отырмыз. Сондықтан біздің жүйеміз ресейлік және беларус бизнесмендері үшін әзірше жабық бола тұрады", - деді вице-министр.    

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети