28 ақпан 2014 17:49

Қазақстанның ОАР-дағы елшісі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Қалиев (сол жақта) ©Kazembro.kz Талғат Қалиев (сол жақта) ©Kazembro.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. Бұрын Талғат Қалиев Қазақстан Республикасының Румыниядағы уақытша сенімді уәкілі қызметін атқарған, әр жылдарда Қазақстанның Түркиядағы және АҚШ-тағы елшіліктерінде жұмыс істеді. Өткен жылы ҚР Президентінің Оңтүстік Африка Республикасына мемлекеттік сапармен баруды жоспарлағаны белгілі, бірақ Президенттің жұмыс кестесінің өзгеруіне байланысты сапар кейінге қалдырылды. ОАР - Қазақстан үшін ынтымақтастықтың жаңа бағыты. ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, бүгінде үлкен әлеуеті бар Африкаға бүкіл әлемнің назары ауып отырған кезде Қазақстанның да өзге елдердің соңында қалмағаны дұрыс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети