28 қаңтар 2014 13:32

Қазақстанның төрт облысында көлік жолдары жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ауа-райының қолайсыз жағдайына байланысты Қазақстанның төрт облысында көлік жолдары жабылды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осылайша Ақтөбе, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарының автожолдарында көлік қозғалысына тыйым салынды. "Ақтөбе облысы: ауа-райының бұзылуына байланысты (қарлы боран, жолды нашар көру) 25 қаңтар күні Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз (0-401-шақырымы) тас жолы көліктің барлық түрі үшін жабылды", - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында. Сонымен бірге аталмыш министрліктің мәліметінше, боранның салдарынан Алматы облысында 27 қаңтар күні Үшарал-Достық тас жолы көліктің барлық түрі үшін жабылды. Жамбыл облысында да боранның салдарынан Алматы-Ташкент тас жолының "Айша-бибі" бекеті Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін ауыр жүк және жолаушылар тасымалдайтын көліктердің жүруіне тыйым салынды. "Қарағанды облысы: ауа-райының нашарлауына байланысты (қарлы боран, жолды нашар көру) 26 қаңтар күні Жезқазған-Петропавловск (Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауылының аумағы) көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу қойылды", - деп жазылған ТЖМ сайтында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети