19 қазан 2016 15:32

Қазақстанның ұлттық брендін анықтау үшін SMS дауыс беру басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі ресми парақшасында Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау үшін SMS дауыс берудің басталғанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі ресми парақшасында Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау үшін SMS дауыс берудің басталғанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін байқаудың келесі кезеңіне өтетін жұмыстарды анықтау үшін SMS дауыс беру басталады. SMS жолдау тегін. Ол арқылы өзіңіз қалаған бір ғана жұмысқа дауыс бере аласыз. Атап өту керек, байқаудың жұмыс тобы дауыс берудің көптеген нұсқасын қарастырды. Өйткені, 800-ге жуық өтінімнің барлығын жұрт назарына тең дәрежеде ұсыну оңайға түскен жоқ. Сондықтан да, біз барлық 794 жұмысты олардың реттілігі әрбір қолданушы үшін әртүрлі болатын тәртіппен орналастырғанды жөн көрдік. Көңіліңізден шыққан жұмысқа мына сілтеме арқылы дауыс бере аласыз", - деп жазды министр.

Сонымен қатар, министр 15 қазанда еліміздің Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқауға өтініш қабылдаудың аяқталғанын айтты. "Жалпы, тамыздың 31-нен бастап 966 өтінім келген болса, солардың 794-і дауыс беру кезеңіне жіберіліп отыр. Менің ойымша, бұл азаматтарымыздың елдік мәселеге бей-жай қарамайтынын көрсетті.
Байқауға кәсіби мамандармен бірге еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес мемлекеттерден әуесқой безендірушілер қатысты", - деп жазды Дәурен Абаев.

Айта кетейік, осыған дейін  Қазақстанның Ұлттық брендін анықтау жөніндегі байқаудың мерзімінің ұзарғаны айтылған болатын. Министрдің айтуынша, соңғы аптада министрліктің атына байқау мерзімін ұзарту жөнінде көптеген өтініш түсіпті. Олардың көпшілігі байқау туралы дер кезінде естіп үлгермегенін алға тартқан. Министрлік осы орайда көпшіліктің ұсыныс-тілегін ескергенді жөн көрген екен. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети