23 маусым 2014 11:38

Қазақстанның үш аймағына дала өрті қауіп төндіріп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталық бөлігіне дала өрті қауіп төндіріп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.


Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталық бөлігіне дала өрті қауіп төндіріп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 23 маусым күні Ақтөбе мен Қостанай облыстарында қатты ыстық болады. Қостанай облысында түнде тұман түседі. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында да ауа температурасы тым жоғарылайды. Мамандардың айтуынша, жалпы республиканың көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с-ке дейін жел күшейеді. Маңғыстау облысында шаңды дауыл көтеріледі. 

ҚР Үкіметінің мәліметінше, 2013 жылдың тоғыз айында табиғи өрт салдарынан орманды алқаптардың 944 гектары жойылып кеткен. Барлығы 246 оқиға тіркелді. 2012 жылы ормандардың 5313 гектары өртенген. Өткен жылы барлығы 10980 табиғи өрт оқиғасы тіркелді, бұл деректердің 2000-ға жуығын тексерудің нәтижесінде өртке, негізінен, қасақана от қою себеп болатыны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети