12 қыркүйек 2015 11:39

Қазғарыш басшысы Айдын Айымбетовты жігіт деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазғарыш басшысы Айдын Айымбетовты жігіт деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елорданың әуежайында бір топ адам ғарыш кемесінің экипаж мүшелерін күтіп отыр.


Қазғарыш басшысы Айдын Айымбетовты жігіт деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елорданың әуежайында бір топ адам ғарыш кемесінің экипаж мүшелерін күтіп отыр.

"Құрметті жерлестер, бүгін Қазақстанда үлкен мереке. Бүгін тағы бір қазақ жігіті - Айдын Айымбетов ғарышқа барып, аман-есен туған жеріне оралды", - деді Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев. Ол экипаж мүшелері Астанаға келгенге дейін аппараттың жерге қалай қонғанын айтып берді.

"Мен өзім Қазғарышқа басшы болған кезде тағы бір ғарышкеріміздің ғарышқа барғанын мақтан тұтамын. Біз бұған ұзақ уақыт бойы дайындалдық. Қазақстан Республикасының өте маңызды ғылыми бағдарламасы орындалды. (...) Айдын Айымбетов осыдан 21 жыл бұрын мен Қазақстан Республикасының туын алғаш рет ғарышқа апарған дәстүрді жалғастырды. Мен үш рет Президентке еліміздің туын табыстадым. Айдын Айымбетов Президентке еліміздің жақында ғана ғарышта болған туын төртінші рет табыстайды деп сенемін", - деді Талғат Мұсабаев.

"Біздің жігіт өзін жақсы сезінеді. Ғарышқа барып келгендердің барлығының жағдайы жақсы бола бермейді. Бұл оның туған жері үшін тырысқанын, ал туған жері оны қолдағанын білдіреді. Ол Жезқазғанның ауасын жұтып, өзін бұрынғыдан да жақсы сезінді", - деді Талғат Мұсабаев.

Бүгін таңғы сағат 06.51-де "Союз" ғарыш кемесі Қарағанды облысына сәтті қонды. Экипаж құрамында Геннадий Падалки (Ресей), Андреас Могенсен (Дания) және қазақстандық Айдын Айымбетов бар ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды.

Ғарышкерлер капсуладан шығарылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың қан қысымдары жақсы. Ғарышкерлер шәй ішіп, апорттан дәм татты. "Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Жоспарланған тәжірибелердің барлығын орындадым. Тағы бір рет ұшуға дайынмын", - деді қазақстандық ғарышкер тілшілерге.

Бұл уақытта Астана әуежайында ғарышкерді қазақстандық және шетелдік тілшілер, түрлі ведомство өкілдері, сонымен қатар Айдын Айымбетовтың анасы мен қызы күтіп отырды.


© Тұрар Қазанғапов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети