17 қазан 2014 17:59

"Қазгидромет" қыста ауа райы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

2013-2014 жылдардағы қысқа қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суық болады. Бұл туралы Астанадағы конференцияда "Қазгидромет" гидромет орталығының директоры Баян Сазанова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


2013-2014 жылдардағы қысқа қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суық болады. Бұл туралы Астанадағы конференцияда "Қазгидромет" гидромет орталығының директоры Баян Сазанова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс аумалы-төкпелі болады, суық күндер қалың қар мен жауын шашынға өзгеріп отырады. 2013-2014 жылдардағы қысқа қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суығырақ болады", - деді ол.

Оның айтуынша, күзде жылы күндер әлі де жалғасады. Мәселен, қарашаның бірінші екі онкүндігі салтыстырмалы түрде жылы және жауын-шашынды болады.

"Ал нағыз тұрақты қалың қар жамылғысы бар дәстүрлі қыс айдың үшінші онкүндігінде келеді. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде 30 градусқа дейін түсуі мүмкін, оңтүстік өңірлерде - 20 градус суық болады", - дейді Сазанова. 

Метеорологтар желтоқсанды аумалы-төкпелі болатынын айтады: қоңыр салқын суық - шығыс бөлікте, ал жылы ауа елдің батыс бөлігінде. 

"Қар түсіп, суық болатын уақыт айдың басына және әсіресе үшінші онкүндігінде келеді, бұл кезде батыс пен солтүстік батыстан келетін суық елдің солтүстік жартысында түнде 30-35 градус Цельсиге дейін, оңтүстік жарты бөлікте - 20-30 градус Цельсиге дейін суық болады. Алдын ала болжам бойынша, Жаңа жылды қоңыр салқын суықпен және қармен қарсы аламыз".

Алдын ала болжам бойынша, 2015 жылдың қаңтарында елдің көп бөлігінде моңғол антициклонының үстемдігімен ызғарлы болып, қар аз түседі. Ал республиканың оңтүстік батысында ауа температурасы қалыптыға жақын, ал Маңғыстау облысында салыстырмалы түрде қарлы болады. 

Қазақстан бойынша ызғардың күшеюін айдың екінші жартысында күтуге болады, ол кезде ауа температурасы солтүстік бөлікте түнде 35-43 градусқа дейін жетуі мүмкін, ал батысында - 30 градусқа дейін төмендейді.  

"Ақпан аумалы-төкпелі болады: Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде ультраполярлық ауа массасының үстемдігінен қоңырсалқын ауа райы климаттық нормадан 1 градусқа төмен болса, ал елдің оңтүстік шығыс бөлігінде оңтүстік циклондардың жиі шығуымен жылы ауа райы басым болады", - дейді Сазанова. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, көктемнің басы құбылмалы болады: қыстың жиі жауын-шашыны мен күшті желі көктемнің жылы әрі мамыражай күндерімен кезектесіп отырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети