09 сәуір 2014 11:53

"Қазгидромет" топ-менеджері қызмет бабын теріс пайдаланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото shutterstock.com сайтынан Фото shutterstock.com сайтынан

Қаржы полициясы "Қазгидромет" мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары Н.Сұлтановқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу материалдарына сәйкес, Н.Сұлтанов "Казгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарып жүрген кезде, қызмет бабын теріс пайдаланып, 1,2 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына жол берген.  

"2012 жылдың қаңтар-ақпан айларында ол "Адал Тем", "Intertech Industry", "Вектор Строй 2010" және "НПО "Техкұрал"фирмаларымен келісімшартқа отырып, 3,2 миллиард теңгеге арнайы құрал-жабдықтарды сатып алуға рұқсат берген. Алайда жобалық-сметалық құжаттардың біреуі де мемлекеттік сараптамадан өтпеген. Н.Сұлтановтың өзі болса, құрал-жабдықтарды тауарлық биржа арқылы емес, мемлекеттік сатып алулар негізінде іске асыруға болатындығын білген. Соның арқасында біраз қаражатты (1,2 млрд. теңгені - авт.) үнемдеуге болатын еді", - делінген ресми хабарламада.

Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің қорытындысына сәйкес, "Қазгидрометтің" тауарлық биржалар арқылы өткізген сатып алулары заңсыз деп танылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети