ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қыркүйек 2022 | 11:35
Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес - Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығына қатысты проблемаларды айтып, Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуі тиіс екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл - стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес.
Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек.
Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек", - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында Қазақстан халқына Жолдау жасап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также